inpink logo


    Марал алмабаева

    0:7
    автор | дата 10.01.2016
    • 375
    • 5
    • 0
    Проголосовало пользователей: 5
    Ана тілі аруы және жігіт сұлтаны-2015 финалға дайындық.Оның алғашқы кезеңіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 700-ге жуық үміткер қатысқан болатын. Олардың саны екінші кезеңде 90-ға дейін кеміген еді. Қатысушылардың интеллектуалды өресі, өнері, білімі сараланған бұл сында 13 факультеттен 10 қыз, 10 жігіт таңдалып алынды. Осы уақытқа дейін арулар өз қолдарымен қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, жәрмеңке өткізіп, одан жиналған қаржыға жетім балалар үйіне қамқорлық іс-шараларын жүргізді. Ал жігіттер асық-ойнау, қол күрестіру, атта шабу сияқты ұлттық, спорттық сайыстар бойынша күш сынасты. Сондай-ақ тек спорттық қабілеті ғана емес, үгіт-насихат жұмыстары мен адамдармен қарым-қатынастары да бағаланды. Енді ақтық сында қатысушылар сәлемдесу, шеберлік сайысы, сұрақ-жауап сайысы, өнер сайысы, ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін көрсету бойынша өзара өнер жарыстырмақ.
    ЕЩЁ
    • СКАЧАТЬ
      Сейчас смотрят